77 адамды өлтірген террорист мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

77 адамды өлтірген террорист мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады Фото: © REUTERS

77 адамды өлтірген норвегиялық террорист Андерс Брейвик мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

77 адамды өлтірген норвегиялық террорист Андерс Брейвик мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

VG газетінің мәліметінше, Андерс Брейвик құқының бұзылуына байланысты сотқа шағым түсірмек.

"Андерс Беринг Брейвик мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрады. Сондай-ақ, ол құқының бұзылуына байланысты мемлекетке қарсы шағым түсіруді жоспарлап отыр. Оның атынан (Брейвик) мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бердім", - дейді адвокат Ойстен Стуррвик.

Оның айтуынша, Андерс Брейвик 21 жылдың 8 жылын түрмеде өткізген. Қазір оның мұндай өтініш беруге құқы бар екен. Адвокат мерзімінен бұрын шартты түрде босату өтінішіне екі есімді жазғанын айтты: Андерс Беринг Брейвик пен Фритьоф Хансен-Брейвик. Соңғы есімді сотталушы түрмеде отырғанда алыпты.

Адвокат Брейвик жалғыз өзі камерада жазасын өтеп жатқанын жеткізді. Террористің пікірінше, бұл адам құқығын бұзу болып саналады екен.

Еске салайық, 2011 жылдың 22 шілдесінде Брейвик Ослода 8 адамды және Утейа аралындағы жастар лагерінде 69 адамды өлтірген. Сот оны 21 жылға бас бостандығынан айырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети