09 қыркүйек 2019 | 16:55

82-дегі қарт бес жыл бойы байларды тонап келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ тұрғыны бес жыл бойы мереке сайын Флорида штатынан Нью-Йорк қаласына келіп, байлардың үйін тонап, 400 мың долларға бағаланған әшекей-бұйымдарды алып кеткен, - деп хабарлайды CNN.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ тұрғыны бес жыл бойы мереке сайын Флорида штатынан Нью-Йорк қаласына келіп, байлардың үйін тонап, 400 мың долларға бағаланған әшекей-бұйымдарды алып кеткен, - деп хабарлайды CNN.

82 жастағы Сэмуэл Сабатино (Samuel Sabatino) үй күзетшілеріне байдың туысымын деп таныстыратын болған. Егер ер адамды тоқтатқан жағдайда, ол үймен қателесіп, кетіп қалатын болған. Қылмыскер үйде адамдардың бар-жоғын есік алдындағы жиналып қалған газеттер мен хаттардың жиынтығынан анықтайтын болған. Үйге кіріп, қымбат сағаттар, неке сақиналарын, бриллианттар мен алтынды жымқырып отырған. 

Полиция мәліметінше, 2019 жылдың өзінде америкалық үш үйден 100 мың долларға бағаланатын әшекей-бұйымдарды ұрлаған. Сабатино тамыз айының соңында Нью-Йоркте ұсталған. Оған үйді бұзып кіру, аса ірі көлемде ұрлық жасады деген айып тағылған.

Полициядағылар оны "мерекелік ұры" деп атап кеткен. Себебі ол Тәуелсіздік күні, Еске алу күні және Еңбек күні қылмысқа баратын болған. 

2001 жылдары Саббатино осындай қылмыс үшін жауапкершілікке тартылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети