Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Air Asia компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

28 Желтоқсан 2014, 12:36
0
©skydigest.ru
©skydigest.ru

Air Asia әуе компаниясының малайзиялық Airbus 320 ұшағы Белитунг аралы маңында теңізге құлап түсті, - деп хабарлайды РИА Новости Индонезия Ұлттық іздестіру-құтқару қызметінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы Суприанди Минггуге сілтеме жасап. Оның мәлімдеуінше, ұшақ турбулент ағысына тап болғаннан кейін бағытын өзгертуге әрекеттенген кезде апатқа ұшыраған. 

"Air Asia әуе компаниясының Сурабаядан Сингапурға QZ 8501 рейсін орындаған Airbus A320 ұшағы Белитунг аралына жақын маңда, координаттары 03.22.46 және 108.50.07 болатын нүктеде суға құлап түсті", - делінеді Republika басылымы келтірген Минггудің сөзінде.

Бұған дейін 28 желтоқсан күні Air Asia компаниясының Индонезиядан Сингапурға ұшқан ұшағының жергілікті уақыт 06.17-де диспетчерлік қызметтердің радарынан жоғалып кеткені хабарланған еді. Малайзияның ұшағы Сингапурға 08.30-да келуі тиіс болған. Әуетасымалдаушы ұшақпен байланыстың үзілгенін бірден растады. Ақпарат құралдарының мәліметінше, оның бортында 155 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі бар. Индонезия көлік министрлігінің өкілі Хади Мустофаның сөзіне қарағанда, байланыс үзілерден бұрын пилоттар тосын бағытқа сұраныс берген. Қазір Белитунг аралы (Индонезия) маңына іздеу-құтқару командасы аттанды. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың наурыз айында Malaysia Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпурдан Бейжіңге MH370 рейсін орындауы тиіс ұшағы із-түссіз жоғалып кеткен еді. Boeing 777 бортында 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. Ұшақ апатқа ұшырады деп топшыланды. Бірақ оның қалдықтары табылған жоқ.

Malaysia Airlines әуе компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурға MH17 рейсін орындауы тиіс тағы бір ұшағы 17 шілдеде Украинаның шығысында апатқа ұшырады. Оның бортында болған 298 адам түгел қаза тапт. Апаттың себебі әлі анықталған жоқ, Украина билігі ұшақты халық жасақтары тобы атып түсірді деп есептесе, Донбасс өкілдері мен Ресей тарапы оқиғаға украин әуе қорғанысы күштерінің қатысы бар деп мәлімдеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай