Airbus A320 ұшағының апатынан тірі қалғандар жоқ болуы мүмкін. Бұл мәлімдемені Франция президенті Франсуа Олланд жасады, - деп хабарлайды RussiaToday.

Ол ұшақтың апатқа ұшырауы жөнінде Германияның канцлері Ангела Меркельмен және Испания королімен келіссөздер жүргізуге ниетті.
Оқиға Жоғарғы Прованс Альпы департаментінде болды. Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, ұшақ GERMANWINGS компаниясының меншігі және Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, әуе лайнерінің бортында 142 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған. Болжам бойынша, оның барлығы қаза тапқан. Франция президентінің айтуынша, ұшақтың сынған бөліктері қол жеткізу қиын аймақта жатыр.
"Бірінші кезекте мен қайтыс болғандардың жанұяларына көңіл айтқым келеді. Бұл қасірет", - деп жазды Франция президенті Twitter желісіндегі парақшасында.
Жалғасы