Мысырдың Синай түбегінде "Когалымавиа" әуе компаниясының апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағының орнында кем дегенде 100 адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Синай әкімшілігінің мәліметінше, лайнердің апат орны Эл-Хасна қаласының маңындағы Эл-Кантала мен Эл-Лаксима аудандарының арасындағы таулы жерде.
Мысырдың Синай түбегінде "Когалымавиа" әуе компаниясының апатқа ұшыраған Airbus A321 ұшағының орнында кем дегенде 100 адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Синай әкімшілігінің мәліметінше, лайнердің апат орны Эл-Хасна қаласының маңындағы Эл-Кантала мен Эл-Лаксима аудандарының арасындағы таулы жерде.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендерді эвакуациялау үшін төтенше оқиға орнына жедел жәрдемнің 45 автомобилі жөнелтілді. Сонымен қатар, ұшақ қирандыларының арасынан жолаушылардың даусы шығып жатқаны хабарланып отыр. Кейбір мәліметтер бойынша, лайнер екіге бөлініп кеткен. Бортында 217 адам болған. Олардың жетеуі экипаж мүшесі. "Құтқарушылар командасы ұшақтың жолаушылар отыратын секциясына дейін жетуге тырысып жатыр, дауыстарын естіп, тірі қалғандарды құтқарғымы келеді", - деп мәлімдеді қауіпсіздік қызметінің өкілдері.
Ресей президенті Владимир Путин қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. "Путин Мысырда болған әуе апатында қаза тапқандардың туыстарына қайғырып, көңіл айтады", - делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен бірге, теракт немесе жерден зымыранмен атып түсіру нұсқалары қарастырылмайды. "Қозғалтқыштан шыққан ақаулар мен машинаны бақылаудан айырылу туралы мәлімет келіп түсті. Лайнер 30 мың фут биіктікте ұшқан, сондықтан осы жағдай теракттан және жерден іске қосылған зымырананн болды делінген нұсқа қарастырылмайды", - деп хабарлады мысырлық БАҚ-тар.
Еске салайық, оқиға 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Осыған дейін ұшақтың ұшқаннан кейін ұшқыштың диспетчермен байланысып, техникалық ақаулардың шыққанын хабарлағаны белгілі еді. Ұшқыш Каирде қонуға рұқсат сұраған. Мұнымен бірге, экипаж қозғалтқыштағы ақауларды бірнеше мәрте айтқан. ҚР СІМ өкілдері қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр.