19 қаңтар 2017 23:26

CNN ұлықтау рәсімі кезінде Трампқа шабуыл жасалса не болатынын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рен ТВ © Рен ТВ

CNN арнасы ұлықтау рәсімі кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалса, ары қарай не болатынын туралы репортаж түсірді. 


CNN арнасы ұлықтау рәсімі кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалса, ары қарай не болатынын туралы репортаж түсірді. 

АҚШ конституциясы бойынша президент және вице-президент қаза болса немесе ес-ақылын жоғалтса, олардың орнына өкілдер палатасының спикері, одан кейін сенаттың уақытша төрағасы  билікке келеді. Ал енді кейінгілері де қайғылы жағдайға ұшыраса президент міндетін министрлер атқарады. 

CNN журналистері Трампқа 20 қаңтарда шабуыл жасалса, жағдай тіпті ушығады деген болжам жасады. Күндіз Обаманың министрлері өкілеттерін тапсырады. Ал мемлекеттік хатшы орнына Трамп ұсынған Рекс Тиллерсонды сенат әлі бекіткен жоқ. Осы себепті мемлекеттік департамент басшысының қызметін оның саяси мәселелер бойынша орынбасары Том Шеннон атқару керек болады.

Саясаттанушы Джон Фортье арнаға берген сұхбатында биліктің екі тарауы барын айтты: біріншісі - әлі биліктегі Обаманың әкімшілігі, ал екіншісі - Трамп билігі. Алайда сенат жаңа президентті қызметіне бекітпей тұрып, оның әкімшілігі билік тізгінін қолға ала алмайды.

Айта кетейік, CNN репортажы әлеуметтік желілерде нарзылық тудырды. Желі пайдаланушылары YouTube-ке орналастырған видеоның астына ашулы пікірлер қалдырып, арнаны әлеуметтік желілерде сынға алды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети