Facebook-трансляция жүргізіп отырған қыз сүйіктісін атып алды

02 Сәуір 2018, 22:18
0
Facebook-трансляция жүргізіп отырған қыз сүйіктісін атып алды -

АҚШ-та Facebook-трансляция жүргізіп отырған қыз сүйіктісін атып алды. Оқиға 31 наурызда Техас штатындағы Хьюстонда болған, - деп хабарлайды Crimeola.com.

Достар Девин Холмс, Кадиллак Коулеман және Кассандра Дэмпер Хьюстонға аттанған. Кешкі уақытта олар жанармай құю бекетінде сәл демалып алғысы келіп, тікелей эфир қосқан. Кассандра салоннан тапанша тауып алып, достарының ескертуіне құлақ аспай, шүріппені басып қалған.

Оқ Холмстың басына дәл тиген. Осыдан кейін қалған екеуі шошып, көліктен түсіп қашады. Оқ тиген жігіт аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр екен.

Полиция зардап шеккен жігіттің достарынан жауап алыпты. Оқиға тергеліп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай