Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

G8 Ресейді мүшеліктен айыру мәселесін талқылайды

19 Наурыз 2014, 20:46
0
Дэвид Кэмерон. ©Kcblog.info
Дэвид Кэмерон. ©Kcblog.info
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон егер Ресей Украинадағы ахуалды одан әрі тұрақсыздандыра беретін болса, "Үлкен сегіздік" оны халықаралық клубтан мүлдем шығарып тастау мәселесін талқылауы керек деп есептейді. Бұл туралы AFP хабарлады.

АҚШ Президенті Барак Обама "Үлкен сегіздікке" қатысушы елдердің саммитін шақырып отырғанын айта кету керек. G8 төрағасы Ресей бұл саммитке шақырылған жоқ. Қатысушылар Қырымның Ресей Федерациясына қосылуы төңірегіндегі ахуалды талқылайтын болады. "Мен өз одақтастарымызбен және әріптестерімізбен бірге алға жүруіміз қажет деп есептеймін және Ресейді "Үлкен сегіздіктен" үнемі аластату немесе қалдыру мәселесін міндетті түрде талқылауымыз керек", - деді Кэмерон лейбористік оппозиция жетекшісі Эдвард Миллибэндтің сауалына қайтарған жауабында.

Кэмеронның айтуынша, Ресейдің Қырымға және Украинаның шығысындағы басқа да аймақтарға қатысты кез келген әрекетіне "мейлінше қатаң" экономикалық және дипломатиялық санкциялармен жауап беру қажет. Ол Ұлыбританияның 2014 жылдың маусым айында Сочиде өткелі отырған G8 саммитіне дайындықты тоқтату қажеттігін мәлімдегенін атап өтті. Бұған дейін Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус батыс елдері жетекшілерінің Ресейдің G8-ге мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын жария еткен болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай