Мысырдың құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ресейлік арнайы қызметтердің өкілдері Синайдағы А321 бортында теракт жасаған адамның аты-жөнін анықтады, - деп хабарлайды LifeNews. Бұл іс бойынша 6 адам іздестіріліп жатыр.

Арнайы қызметтердің мәліметінше, жарылғыш затты ұшаққа Шарм-эш-Шейх әуежайының қызметкері алып кірген. Ер адам жұмысқа әуе апатының алдында тұрған. Жұмысқа қабылдану алдындағы әңгімеде ол жүкші болғысы келетінін айтыпты. Сөйтіп, ол жұмысқа орналасып, жүк қоймасына ұшу алаңына мүмкіндігі бар рұқсатын алған.
Терактты орындаушы жарылғыш зат салынған түйіншекті ұшақтың жүк қоймасына салып, кейін жұмыс орнын тастап, жасырынған. Ер адамның Мысырдың шекарасынан асып кеткені де белгілі. Әзірше оның қайда екені белгісіз.
Ресейлік және кеңестік авиацияның тарихындағы ең ірі әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында болды. Шарм-эш-Шейхтен Петербургке ұшып келе жатқан А321 ұшағы ("Когалымавиа" әуе компаниясы) Синайда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында экипаждың жеті мүшесі мен 217 жолаушы болған. Олардың барлығы қаза тапты. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі А321 апатын теракт деп таныды.