A321 "қара жәшігі" борттағы жарылысты тіркеген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

A321 "қара жәшігі" борттағы жарылысты тіркеген - БАҚ © РИА Новости

Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік Airbus A321 ұшағының "қара жәшігі" ұшақ бортындағы жарылыстың дауысын тіркеген, - деп хабарлайды France 2 телеарнасы тергеудегі дерекккөзге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік Airbus A321 ұшағының "қара жәшігі" ұшақ бортындағы жарылыстың дауысын тіркеген, - деп хабарлайды France 2 телеарнасы тергеудегі дерекккөзге сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, жарылыс қозғалтқыштағы ақаумен байланысты болмаған, бұл балама түрде ұшақтың апатқа техникалық ақаудан ұшыраған деген нұсқасын жоққа шығарады. Сонымен қатар, ол ұшаққа келген зақымның қандай екенін айтып берді. Сонымен, әуе кемесінің бортындағы жағдай онда жарылыстың болғанын растайды екен. 

Ал, осы уақытта ресейлік тарап ұшақ бортында жарылыс болды ма, жоқ па деген сауалға жауап беретіндей мәліметінің жоқтығын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости Мысырдағы әуе апатын тергеп жатқан комиссияның ресейлік мүшесіне сілтеме жасап хабарлады. "Ресейлік мамандар француз тергеушілерінен және Мысыр комиссиясынан әуе кемесінің бортындағы жарылысты растайтын мәліметтерді сұрастырады. Қазіргі уақытта белгісіз дыбыстардың бар екендігібелгілі. Бірақ "Қара жәшікке" жазылып қалған бұл дыбысты жарылысқа қатысты деп тұжырым айту ерте. Бізде мұндай мәлімет жоқ", - деп хабарлады дереккөз. 

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети