30 мамыр 2014 | 08:58

Абхазия Парламенті ел президентіне қызметінен кетуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абхазия президенті Александр Анкваб. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Абхазия президенті Александр Анкваб. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Абхазия Парламенті ел президенті Александр Анквабқа өкілеттігін тоқтатып, өз еркімен қызметінен кету туралы үндеу жолдады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Абхазия Парламенті ел президенті Александр Анквабқа өкілеттігін тоқтатып, өз еркімен қызметінен кету туралы үндеу жолдады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Абхазия парламенті елдің премьер-министрі Леонид Лакардиаға сенбеушілік вотумын білдірді. Абхазия парламентінің отырысына 35 депутаттың 21-і қатысқан. Абхазия парламентінің премьер-министрге сенбеушілік вотумын білдіру және президент Анквабтың өз еркімен өкілеттілігін тоқтату туралы қаулысына 20 депутат дауыс беріп, бір депутат қалыс қалған.

Сонымен бірге, Абхазия саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдарының Үйлестіру кеңесінің мүшесі Виталий Габнияның мәлімдеуінше, Абхазия оппозициясы екі күн ішінде уақытша Үкімет жасақтамақ және ол Үкімет президент сайланғанға дейін жұмыс істейтін болады. Егер Анкваб Абхазия парламентінің ұсынысын қабыл алса, президент сайлауы үш айдан соң өткізілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, 27 мамыр күні Сухумиде өткен көпшілік қатысқан шеру соңында оппозиция жақтастары Абхазия президенті әкімшілігін, базбір деректерге қарағанда телевидениені де басып алған. Қаруланған оппозиционерлер ғимаратқа басып кіріп, республика басшысының қызметтен кетуін талап етіп, билікті өз қолдарына алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ наразы топ Үкіметтің, Бас прокурордың және бірқатар аудан басшыларының қызметтен кетуін талап еткен болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети