05 наурыз 2016 | 12:21

Әблязовтің сыбайласы Александр Поткин экстремизм бойынша тағылған айыпты мойындамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

БТА банкі салымшылары қаражатын жымқыру туралы істің фигуранты және Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Поткин сотта ұйымдасқан эктремистік топты құру жөнінде өзіне тағылған айыпты мойындамады, - деп хабарлайды РАПСИ.


Иконка комментария блок соц сети

БТА банкі салымшылары қаражатын жымқыру туралы істің фигуранты және Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Поткин сотта ұйымдасқан эктремистік топты құру жөнінде өзіне тағылған айыпты мойындамады, - деп хабарлайды РАПСИ.

"Маған көп айып тағылды. Менің ойымша, тергеушінің тілін түсіну үшін аудармашы керек, себебі мұнда барлығы түсініксіз. Сонымен қатар, экстремистік топтың ұйымдастырушысы мен бе, алде Әблязов пе? Мен Қазақстанның да, Ресейдің де Конституциясын оқып шықтым. "Конституциялық құрылымды" өзгерту экстремизм болып есептелмейді", - деді Поткин.

"Қомақты қаражаты бар, конституциялық құрылымды бұзғысы келген Мұхтар Әблязов экстремистік ұйым құру мақсатында Поткинге хабарласқан. Поткин оның ұсынысына келісім береді. Ол экстремистік ұйымның жұмыстары үшін БТА банкінің қаражатын жымқырған. Ұйымның мақсаты Қазақстанда саяси тұрақсыздық жасау және ұлтаралық алауыздық тудыру болған", - деді прокурор.

Айыптау қорытындысында Поткиннің Интернет арқылы ұлттар арасында алауыздық туындататын сұрақтардың референдумын ұйымдастырғаны айтылады. Тергеу мәліметінше, Поткин соныменқатар, жаңа қатысушыларды жаппай шараларға шақырған. Экстремистік ұйымды қаржыландыру мақсатында Поткин БТА банкінің қаражатын жымқыруды жалғастырды.

Еске салайық, Поткин 15 қазан күні Мәскеудегі "Интурист Коломенское" қонақүйінде ұсталған болатын. Нөмірді тексеру кезінде түрлі қаржы құжаттары мен әдебиеттер табылып, тәркіленді, полиция бұларды экстремистік материал деп таныды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети