Абхазия премьер-министрі жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абхазия премьер-министрі жол апатынан қайтыс болды © РИА Новости

Абхазия премьер-министрі Геннадий Гагулия 8 қыркүйек түнде жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абхазия премьер-министрі Геннадий Гагулия 8 қыркүйек түнде жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Иә, біз бұл ақпаратты растаймыз. Жол апаты Мюссер бекетінен кейін болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Геннадий Леонидович (Гагулия - ред.) ауруханаға барар жолда тірі болған. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ", - деді республика министрлер кабинетінің баспасөз хатшысы Диана Зантария.

Оның айтуынша, 8 қыркүйек кешке үкіметтік кортеж Сочидің әуежайынан Абхазияға кетіп бара жатқан.

Абхазия ІІМ өкілдерінің хабарлауынша, алдын ала болжамдарға сәйкес, премьер-министр отырған көлік кюветке құлаған. Ауруханаға үш адам жеткізілді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жол апатынан премьер-министрдің күзетшісі мен жүргізушісі зардап шеккен. Олар айтарлықтай ауыр жарақат алған жоқ.

Абхазияның бас прокурорының қоғаммен байланыс бойынша көмекшісі Даур Амичбаның мәлімдеуінше, премьер-министр Геннадий Гагулияның көлігімен соқтығысқан ВАЗ жүргізушісі оқиға кезінде есірткіге мас болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети