Абхазия президенті қызметінен кетпейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абхазия президенті қызметінен кетпейтінін айтты Александр Анкваб. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Абхазия президенті Александр Анкваб қызметінен кетпейтінін айтты. Мұндай хабарды "Апсныпресс" агенттігі президенттің Ақпарат басқармасына сілтеме жасап таратты" деп мәлімдейді Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Абхазия президенті Александр Анкваб қызметінен кетпейтінін айтты. Мұндай хабарды "Апсныпресс" агенттігі президенттің Ақпарат басқармасына сілтеме жасап таратты" деп мәлімдейді Tengrinews.kz.

"Бүгінгі заңды билікті қолдайтын және оппозицияны конституция шеңберінде әрекет етуге шақыратын парламент отырысына қатыспаған депутаттық корпустың қалған мүшелерімен, сайлаушылармен, саяси және қоғамдық ұйымдарымен кеңес өткізбейінше, мен өз еркіммен қызметтен кетуім туралы ұсынысқа жауап қатпаймын" деп мәлімдеді Абхазия президенті.

Сондай-ақ, Абхазия президенті республика премьер-министрі Леонид Лакербаяны қызметінен босатпайтынын айтты.

Бұған дейін, Абхазия парламенті Анквабқа өз еркімен өкілеттігін тоқтатуды ұсынып, сонымен бірге республика премьер-министріне сенбеушілік вотумын білдірген еді.

Естеріңізге сала кетсек, 27 мамыр күні Сухумиде өткен көпшілік қатысқан шеру соңында оппозиция жақтастары Абхазия президенті әкімшілігін, базбір деректерге қарағанда телевидениені де басып алған. Қаруланған оппозиционерлер ғимаратқа басып кіріп, республика басшысының қызметтен кетуін талап етіп, билікті өз қолдарына алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ наразы топ Үкіметтің, Бас прокурордың және бірқатар аудан басшыларының қызметтен кетуін талап еткен болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети