Адам зорлады деген күдікпен 30 жыл түрмеде отырып шыққан тұрғын кінәсіз болып шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Перри Лотт. Фото: Innocence Project Перри Лотт. Фото: Innocence Project

Адам зорлады деген күдікпен 30 жыл түрмеде отырып шыққан америкалық тұрғын кінәсіз болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Innocence Project-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Адам зорлады деген күдікпен 30 жыл түрмеде отырып шыққан америкалық тұрғын кінәсіз болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Innocence Project-ке сілтеме жасап.

Ұйым мәліметінше, америкалық Перри Лотт 1987 жылы 2 қарашада Оклахома штатында әйел адамға шабуыл жасағаны үшін 1988 жылы ұзақ мерзімге сотталған болатын. Ол кезде әлдебір қаскөй әйелді жұмысынан үйіне дейін аңдып, басына оқ тақап, зорлап, тонап кеткен. Әйел адам қаскөйдің алтын тісі болғаны есінде қалып қойған. Перри Лоттың де алтын тісі болған, ол артынша екі күннен кейін ұсталған.

Ер адам тергеушілермен келісімге өз еркімен келіп, қылмыскерді тану операциясына қатысқан. Тергеушілер операцияға бірнеше күдіктіні шақырып, оларға жалған алтын тіс салдырған. Олардың ішінде алтын тіс тек Лотта болған. Жәбірленуші әйел күдікті ретінде Лотты таныған. Кейіннен 2014 жылы әйел сол кезде қатты қобалжып тұрғанын, оның таңдауға нақты себеп болмағанын мойындаған.

Әйел оны зорлаған ер адам тегіс қырынғанын айтқан, ал Лотттың мұрты болған, алайда Лотт қылмыскердің басқа белгілеріне сәйкес келмесе де кінәлі деп танылды. Сот айыпталушы Лоттың сүйіктісі сол түні онымен бірге болғанын айтқанына да мән бермеген.

2010 жылдары Лоттың ісін Innocence Project қолға алған. Жүргізілген ДНҚ сынағы қылмыс орнындағы биологиялық материалдардың басқа адамға тиесілі екенін көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro