Афина қаласының орталығында жойқын жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Афина қаласының орталығында жойқын жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, сағат 22.20-да белгісіз ер адам "Газета редакторов" кеңсесіне қоңырау шалып, Иппократос көшесінде орналасқан кітаптар дүкеніне жарылғыш зат қойғанын және оның жарты сағаттан соң жарылатынын айтқан.
Жарылыстың салдарынан "Элефтери скепси" дүкені жарылған. 2008 жылдың жазында анархистер ұйымының мүшелері осы дүкенге шабуыл жасаған екен. Онда 15 адам бетперде киіп, дүкенге ішінде жанатын сұйықтық бар бөтелкелерді лақтырып, оқиға орнынан жасырынған.
Шолушылардың айтуынша, бұл жарылысқа анархистер тобының қатысы бар. Олар әдетте жарты сағат немесе бір сағат қалғанда жарылыс болатынын ескертеді екен.