Афина маңындағы алапат өрттен мыңдаған тұрғын үйінен кетуге мәжбүр болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
@Reuters @Reuters

Грецияда мыңдаған адам Афина маңында шыққан өрттен қашып, үйлерінен кетуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Грецияда мыңдаған адам Афина маңында шыққан өрттен қашып, үйлерінен кетуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Грек өртсөндірушілері мәліметінше, Афиндан солтүстікке қарай 20 шақырым жердегі Татой аймағының тұрғындары Греция астанасына қарай бет алған.

©REUTERS

Грекияның азаматтық қорғау және дағдарысты басқару министрінің орынбасары Никос Хардалиас Афинаның Солтүстік маңындағы Варибоби ауылы маңында 90-нан аса үй, 27 кәсіпорын толығымен немесе ішінара өртеніп, 80-нен аса көлік отқа оранғанын мәлімдеді.

Грек Денсаулық сақтау басқармасы қала орталығын текше метрге 465 микрограмм ұсақ дисперсті шаң басқанын хабарлады. Еуропалық Одақ ауаның текше метріне 50 микрограмм лимит белгілеген. Грецияның басқа бөліктерінде де орман өрттері байқалды. Бұл Пелопоннестің оңтүстігіндегі жағалау аймағында, сондай-ақ Эвиа мен Кос аралдарында халықты эвакуациялауға тура келген.

©REUTERS

Өртті жоюға бес ұшақ пен тоғыз тікұшақ қосылған және армия, полиция, муниципалды жұмысшылар және ондаған ерікті жұмылған.

©REUTERS

Грециядағы өрт салдарынан соңғы қырық жылда ең күшті ыстық тіркелген. Елдің көп ауданында ауа температурасы 44 градустан асады.

Айта кетейік, Греция осы жазда орман өрттерінен зардап шеккен жалғыз ел емес. Италия, Түркия және Албания, сондай-ақ Солтүстік Македония да жоғары температурадан туындаған өртке оранды. ЕО-ның бірнеше елдері, соның ішінде Кипр, Чехия, Франция, Словения және Нидерланды орман өртімен күресуге көмектесу үшін Греция, Италия, Албания және Солтүстік Македонияға өз ресурстарын жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer