Ағайынды Кличколар оңтүстік шығыстағы батальонды жарақтандырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағайынды Кличколар оңтүстік шығыстағы батальонды жарақтандырады Виталий және Владимир Кличко әскери бөлімдердің бірінде. РИА Новости

"Виталий және Владимир Кличколар Украинаның оңтүстік шығысында терроршыларға қарсы әскери қимылға қатысушы "Киев" батальонына демеушілік жасауға келісімдерін берді. Бұл туралы таяуда Киев мэрі болып сайланған, ағайындылардың үлкені - Виталий өзінің Facebook парақшасында мәлімдеген" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Виталий және Владимир Кличколар Украинаның оңтүстік шығысында терроршыларға қарсы әскери қимылға қатысушы "Киев" батальонына демеушілік жасауға келісімдерін берді. Бұл туралы таяуда Киев мэрі болып сайланған, ағайындылардың үлкені - Виталий өзінің Facebook парақшасында мәлімдеген" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бауырым Владимирмен Украинаның оңтүстік шығысында антитеррорлық әскери қимылдарға қатысып жатқан "Киев" батальонын керек-жарақпен қамтамасыз етуді шештік. Маған, қала басшысы ретінде, осыдан екі ай бұрын құрылған 12-ші "Киев" аумақтық қорғаныс батальонының командирі өтініш жасады. Айтуынша, оларды елдің оңтүстік шығысына әскери тапсырманы орындауға қажетті жарақсыз жіберген. Ал алдыңғы шептегі ол жігіттерге бронежилеттер, берцылар, жылы киім, дүрбі, тізеорағыш, шынтақорағыш, жеке аптечкалар, ауруды басатын дәрі-дәрмектер, тактикалық көзілдіріктер қажет. Қазір қала бюджетінде ақша жоқ екені түсінікті. Сондықтан біз Володя екеуміз үш миллион 200 мың гривен (270 мың доллар) бөліп, сарбаздар сұраған нәрселерді сатып алып жатырмыз. Қажетті жарақтардың алдыңғы легін келесі аптада жөнелтеміз. Жігіттер, бүкіл Украина сендерді қолдайды! Бүгін, алдыңғы шепте ұлттың жаңа элитасы қалыптасып жатыр" деп жазады Кличко.

Естеріңізге сала кетсек, 20-сыншы маусымда президент Петр Порошенко жариялаған Украинаның оңтүстік шыңысындағы уақытша бітім мерзімі 30 маусым күні аяқталады. Десе де уақытша бітім жарияланғаннан кейін де қарулы қақтығыс толықтай тоқтаған жоқ. Тараптар бірін-бірі айыптап, келісімді бұзумен болды.

Жексенбі күні Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Украины президенті Петр Порошенко телефон байланысы арқылы қақтығысты тоқтату кезеңін жалғастыру жайын талқылады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети