Аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті

Аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті Видео кадры

Перуде аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Metro.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перуде аймаласып сүйіскен жұп көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Metro.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 34 жастағы Мейбет Эспиноза мен 36 жастағы Гектор Видаль түнгі клубтан үйге қайтып келе жатқан. Сосын екеуі көпірге келіп тоқтаған. Келіншек рельске отырып, жігітін аяғына орап алған кезде тепе-теңдікті жоғалтқан. Ер адам көпірден ұстанып қалуға тырысты, алайда онысынан түк шықпаған. 

Ескерту! Бұл видео психикалық ауытқулары бар адамдарға, аяғы ауыр келіншектер мен 18 жастан аспаған адамдарға көруге болмайды.

Оқиға нәтижесінде Мейбет ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Ал ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмған. БАҚ хабарлауынша, олар альпинист болған. Екеуі қалаға гид болып жұмыс істеу үшін келген. Полицейлердің хабарлауынша, екеуі қайғылы оқиға орын алғанға дейін мас күйде болған.

Көкшетауда шетелдік қызға жалаңаш күйде суға түскені үшін айыппұл салынған. Полиция бөлімінің кезекші бөліміне 29 шілдеде түстен кейін 12.30-да Қопа көлінде ересектер мен балалар жүрген жағалауда әйелдің жалаңаш жүргендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети