Airbnb Ресей мен Беларусьте жұмысын тоқтатады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Airbnb Ресей мен Беларусьте жұмысын тоқтатады ©REUTERS

Хабарландыруларды орналастыруға және жеке тұрғын үйді қысқа мерзімді жалға алуды іздеуге арналған онлайн-сервис Airbnb Ресей мен Беларусьтегі жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабарландыруларды орналастыруға және жеке тұрғын үйді қысқа мерзімді жалға алуды іздеуге арналған онлайн-сервис Airbnb Ресей мен Беларусьтегі жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания Ресей Федерациясы мен Беларусь үшін барлық хабарландырулар бұғатталғанын және бұл елдерде жаңа қонақтарды қабылдау мүмкін емес екенін ескертті. 

Бұған қоса, 2022 жылдың 4 сәуірден кейінгі күндерге жасалған барлық тапсырыстар жойылады.

"Бұл дегеніміз - Ресей мен Беларусь елдерінен үй брондау тоқтатылды дегенді білдіреді және бұл елдерден келген қонақтар енді ешбір елде тапсырыс бере алмайды. Жағдай дамыған сайын біз жаңа ақпарат беретін боламыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Батыс елдері Ресеймен сыртқы саясаттан бастап мәдениет пен спортқа дейін дерлік барлық салаларда ынтымақтастықты тоқтатуды жалғастырып жатыр. Мәселен, бұған дейін Hilton және Hyatt қонақүйлерінің желілері Ресейдегі қызметін тоқтатқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети