17 қыркүйек 2021 | 09:16

Ақ үй Байден неге қайта-қайта жөтелгенін түсіндірді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ президенті Джо Байден неге қайта-қайта жөтелгенін түсіндірді. Оның айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ, президентті үнемі қасында жүретін дәрігері бақылап отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ президенті Джо Байден неге қайта-қайта жөтелгенін түсіндірді. Оның айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ, президентті үнемі қасында жүретін дәрігері бақылап отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезекті брифинг кезінде журналистер Псакиден Байден неліктен қайта-қайта жөтелгенін сұраған болатын. Бұл жағдайға бұған дейін БАҚ-тар мен әлеуметтік желінің бірнеше қолданушысы назар аударған. 

"Бұл жерде алаңдауға еш негіз жоқ", - деді ол. 

Псакидің сөзінше, президенттің жөтелуінің бірнеше себебі болуы мүмкін, оның ішінде, жеңіл тұмау немесе тамақты тазалау да бар.  

Айта кетейік, бұған дейін Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомды қолдап, сөз сөйлеу кезінде Байден қайта-қайта жөтеліп, сөзін тоқтатуға мәжбүр болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети