Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Әкем миына қан кетіп, жансақтау бөлімінде жатыр - Ислам Кәрімовтің кенже қызы

29 Тамыз 2016, 15:55
1
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева Facebook желісінде әкесінің миына қан кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қате түсініктер болып қалмауы үшін осында, өз парақшамда өткен демалыс күндері әкеме қатысты болған қайғылы оқиғаны айтып бергім келеді. Сенбі күні оның миына қан кеткендіктен, аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта оның алдағы жағдайына қатысты қандай да бір болжам айту қиын. Адамдарға өтінішімді айтқым келеді, түрлі қауесеттерге сенбей, жанұяның жеке кеңістігіне қол сұқпауларыңызды сұраймын. Ниет етіп, әкеме дұға-тілектер айтқандарға алғысым шексіз", - деп жазды Лола Кәрімова-Тилляева. 

Айта кетейік, Лола Кәрімова-Тилляева 1978 жылдың 3 шілдесінде Ташкентте дүниеге келген. Ол президенттің кенже қызы. Бизнесмен Тимур Тилляевқа тұрмысқа шыққан. Үш баласы бар (екі қызы мен бір ұлы).


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай