Әкімдердің WhatsApp-тағы "әңгімесі" цензураға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдердің WhatsApp-тағы "әңгімесі" цензураға ұшырады Әзіл әңгіме туралы видеоның скриншоты

Қазақстандық әкімдердің WhatsApp мессенджеріндегі әңгімесі делінген әзілге толы роликтен автор Шығыс Қазақстан облысы, Орал, Астана және Тараз әкімдерінің сөзін алып тастаған. YouTube желісінде жексенбі күні жарияланған бастапқы нұсқасы 2,5 минутқа созылған еді. Ал кесілген нұсқасы 1,46 минутқа жалғасады. 

Чаттағы әзіл әңгіменің кімге ұнамай қалғаны белгісіз. Алайда Желіде бастапқы нұсқасы тарап кеткендіктен, цензураға ұшырамаған нұсқасын тауып алу қиын емес. 

Еске салайық, әзілге құрылған видеоны спорт және туризм академиясының намысын қорғайтын алматылық "Номадтар" көңілді тапқырлар клубы командасы түсірген болатын. Видеоны команда мүшесі Марат Тынышқалиев жариялаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети