10 маусым 2015 09:47

Ақпарат құралдары Қытайда апатқа ұшыраған кеменің алғашқы суреттерін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Әлемдік ақпарат құралдары Янцзы өзенінде апатқа ұшыраған қытайлық "Шығыс жұлдызы" кемесінің ішінде түсірілген алғашқы суреттерді жариялады. Фотоларды Reuters, AFP, Splash News және басқа да агенттіктер түсірген.


Әлемдік ақпарат құралдары Янцзы өзенінде апатқа ұшыраған қытайлық "Шығыс жұлдызы" кемесінің ішінде түсірілген алғашқы суреттерді жариялады. Фотоларды Reuters, AFP, Splash News және басқа да агенттіктер түсірген.

Янцзы өзенінде апатқа ұшыраған кемедегі құтқару жұмыстары 9 маусымда аяқталды. Көлемі 150 де 150 метр аймақ қаралды, дегенмен қаза болғандардың қалғандарының денесі табылмады.

Еске сала кетейік, 1 маусымда Қытайдағы Янцзы өзенінде кеме апатқа ұшыраған болатын. Кеме Нанкиннен Қытайдың оңтүстік батысындағы Чунцинге қарай бағыт алған. Соңғы деректер бойынша, кемеде 465 адам болған. Олардың ішінде 405 жолаушы (Қытай азаматтары) және экипаждың 47 мүшесі, турагенттіктердің бес жұмысшысы болды. 14 адам құтқарылып, 405 адам қаза тапты. Тағы сегіз адам жоғалғандардың қатарына кірді. 

Тірі қалған адамдар кеменің 30-60 секунд аралығында суға батып кеткенін айтты. Көп адамдар құтқарушы құралдарды пайдаланып үлгермеген. Дүйсенбіде басталған құтқару жұмыстарына 3,4 мың сарбаз бен 1,7 мың полицей қатысты.

Кеме ішіндегі саусақ іздері

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети