АҚШ 11 қыркүйектегі теракт құпиясын ашпақ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ 11 қыркүйектегі теракт құпиясын ашпақ REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйектегі теракт туралы құжаттардың құпиялылық деңгейін қайта қарау туралы Әділет министрлігінің өтінішін құптады. Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйектегі теракт туралы құжаттардың құпиялылық деңгейін қайта қарау туралы Әділет министрлігінің өтінішін құптады. Бұл туралы Ақ үй сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Америка көшбасшысы жариялаған мәлімдемеде, бұл әрекеті арқылы Обаманың әкімшілігі кезінде жарияланған нұсқауларды сақтай отырып, "барынша ашықтықты" қамтамасыз ету туралы сайлау науқаны кезінде берген уәдесін орындап жатқаны айтылған. Сонымен қатар, АҚШ президенті теракт кезінде зардап шеккен және қаза болған отбасылар үшін бұл қадамның маңызды екенін айтты.

"Мен жақын адам кенеттен қайтыс болғанда қандай қайғы-қасірет келетінін жақсы білемін. Бұл отбасылар 20 жыл бойы жауапкершілік пен әділдік іздеп, қандай ауыртпалықты бастан өткергенін елестете аламын", - дейді Байден.

Бұған дейін 1800-ге жуық америкалық, соның ішінде қаза тапқандардың туыстары, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиғадан аман қалғандар, АҚШ президенті Джо Байденді Нью-Йорк пен Пентагондағы мерейтойлық іс-шараларға қатыспауға шақырды. Олар үкімет құжаттардың мән-жайын ашқанын талап етті. Үндеу авторлары сайлауалды науқан кезінде Байден қайғылы оқиға туралы мүмкіндігінше көп ақпарат жариялауға уәде бергенін, бірақ әзірге ол туралы айтпағанын көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети