АҚШ әскері Ауғанстанға оралмайды - Пентагон

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ әскері Ауғанстанға оралмайды - Пентагон ©REUTERS

Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігінде америкалық әскерді Ауғанстанға қайта кіргізу жоспары жоқ екенін мәлімдеді Пентагон басшысы Ллойд Остин АҚШ Конгресінің өкілдер Палатасының қарулы күштер комитетінде сөйлеген сөзінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің айтуынша, АҚШ әскерлерін шығарғаннан кейін Ауғанстан армиясының тез құлдырауы Вашингтонды шетелдік қарулы күштермен ынтымақтастықты қайта қарауға шақыруы керек. Остин ауған әскерінің өздеріне берілген мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндігі болғанын, бірақ пайдалана алмай қалғанын айтып өтті.

"АҚШ президенті Джо Байденнің шешіміне сәйкес біз Ауғанстаннан кеттік. Бізге Ауғанстанға оралудың қандай да бір жоспарын әзірлеу тапсырылған жоқ",-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, АҚШ Қарулы күштері штаб бастығы комитетінің басшысы генерал Марк Милли "Талибан" әлі күнге дейін "Аль-Каида" радикалды тобымен (Террористік деп танылған және Қазақстанда тыйым салынған) байланысты үзбегенін айтты.

Еске салайық, 17 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Ауғанстандағы тұрақсыздық АҚШ әкімшілігінің 11 қыркүйекке дейін ауған жерінен әскерлерді шығаруды аяқтау туралы уәделері аясында күшейе түсті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети