05 маусым 2015 | 07:13

АҚШ әскері "Ислам мемлекетінің" базасын селфи арқылы жойып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Defensetech.org ©Defensetech.org

АҚШ-тың әскери-әуе күштері "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобының әскери базасын содырлардың бірі жасаған селфиі әлеуметтік желіге салынғаннан кейін жойды, - деп хабарлайды "Газета.Ru" басылымы DefenceTech ресурсына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың әскери-әуе күштері "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобының әскери базасын содырлардың бірі жасаған селфиі әлеуметтік желіге салынғаннан кейін жойды, - деп хабарлайды "Газета.Ru" басылымы DefenceTech ресурсына сілтеме жасап.

Содырлардың бірінің топ штаб-пәтерінің алдында жасаған селфиі джихадтардың блогын бақылау кезінде табылды. Генерал Герберт Карлайлдың айтуынша, ол суретті әлеуметтік желілерді қарау кезінде көріп қалады. "Желілерді қарап отырғанымызда содырлар тобының бір есалаңына тап болдық. Ол ашық форумда штаб-пәтердің мүмкіндіктерін айтып, мақтанған", - деді ол. Әскерилерге бұл базаның орналасқан жерін анықтап, оны жоюға бір тәулік қажет болды.

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети