АҚШ әскері шығарылғаннан кейін Кабул әуежайынан алғашқы коммерциялық ұшақ ұшты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ әскері шығарылғаннан кейін Кабул әуежайынан алғашқы коммерциялық ұшақ ұшты Иллюстрирлық фото: onboard.thalesgroup.com

АҚШ әскерлері эвакуацияланғаннан кейін Кабул әуежайынан ұшқан алғашқы коммерциялық рейс Дохаға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ әскерлері эвакуацияланғаннан кейін Кабул әуежайынан ұшқан алғашқы коммерциялық рейс Дохаға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Qatar Airways әуе кемесінің бортында 115 адам болған. Жолаушылар арасында Ауғанстан мен басқа елдердің азаматтары бар.

Катардағы Хамад әуежайындағы дереккөз агенттікке АҚШ пен Канада азаматтары да Кабулдан келгенін айтқан.

"Келгендердің көпшілігі Катардан әрі қарай межелі жерге барады", - деді дереккөз.

Бұған дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ӘӘК арнайы борты Кабулдан Алматы әуежайына 41 жолаушымен келген, оның ішінде 4 Қазақстан азаматы, БҰҰ-ның бір қызметкері және 35 қандас бар. Келгендердің бәрі карантиндік процедуралардан өту үшін уақытша оқшауланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети