АҚШ әскерилері тақия мен сәлде киіп жүре алатын болды, бұл туралы Tengrinews.kz ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. Шетелдік ақпарат құралының мәліметінше, Американың Қарулы күштері киім үлгісіне қатысты талапты жұмсартты. Енді әскерилер сәлде, тақия, басқа да діни нышандарды тағынып, сақал қоя алатын болды. Мұны мұсылмандар, сикхтар, яһудилер мен пұтқа табынушылар пайдалануы мүмкін. Дегенмен АҚШ-тың әрбір әскериінің сыртқы келбетті өзгерту жөніндегі сұранымы жеке-жеке қаралады, діни нышандардың жауынгерлік дайындыққа әсерін тигізбеуі - басты шарт. Бұл жаңалық Қарулы күштердің барлық түріне, АҚШ әскери ведомствосы мойындайтын діндердің барлық өкіліне қатысты. Бұған дейін Қазақстанда дін туралы заңнамада нышандар мен сақал туралы нормалардың қарастырылмағаны хабарланғанын еске саламыз. Діни нышандардың қандай болуы керектігі туралы бір де бір сөз заңдарымызда жоқ. Дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Марат Әзілханов сақалды қою-қоймау - адамның табиғи құқы, бірақ, әрине, мұндай ерекшеліктерді басшылар құптай бермейді.
АҚШ әскерилері тақия мен сәлде киіп жүре алатын болды, бұл туралы Tengrinews.kz ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдік ақпарат құралының мәліметінше, Американың Қарулы күштері киім үлгісіне қатысты талапты жұмсартты. Енді әскерилер сәлде, тақия, басқа да діни нышандарды тағынып, сақал қоя алатын болды. Мұны мұсылмандар, сикхтар, яһудилер мен пұтқа табынушылар пайдалануы мүмкін.
Дегенмен АҚШ-тың әрбір әскериінің сыртқы келбетті өзгерту жөніндегі сұранымы жеке-жеке қаралады, діни нышандардың жауынгерлік дайындыққа әсерін тигізбеуі - басты шарт.
Бұл жаңалық Қарулы күштердің барлық түріне, АҚШ әскери ведомствосы мойындайтын діндердің барлық өкіліне қатысты. Бұған дейін Қазақстанда дін туралы заңнамада нышандар мен сақал туралы нормалардың қарастырылмағаны хабарланғанын еске саламыз. Діни нышандардың қандай болуы керектігі туралы бір де бір сөз заңдарымызда жоқ. Дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Марат Әзілханов сақалды қою-қоймау - адамның табиғи құқы, бірақ, әрине, мұндай ерекшеліктерді басшылар құптай бермейді.