АҚШ ауған одақтастарының деректерін тәліптерге берді деп айыпталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың Кабулдағы шенеуніктеріне "Талибан" қозғалысына (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) америкалықтар, грин-карта иегерлері және ауған одақтастары аты-жөнін берді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Кабулдағы шенеуніктеріне "Талибан" қозғалысына (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) америкалықтар, грин-карта иегерлері және ауған одақтастары аты-жөнін берді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.

Кабул құлағаннан кейінгі эвакуацияның алғашқы күндерінде, АҚШ-тың әуежайдағы бірлескен әскери-дипломатиялық үйлестіру тобы, тәліптерге эвакуациялауға ниет білдірген адамдардың тізімін бергенін жазды америкалық БАҚ. Олардың арасында 20 жылдық соғыс кезінде АҚШ-қа көмектескен, Америкаға арнайы иммиграциялық виза алуға тырысқан ауған азаматтары да болған. Сондай-ақ, АҚШ азаматтары, қос азаматтығы бар адамдар және заңды тұрақты тұрғындар да тізімге алынды.

Бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ әкімшілігі мен конгресстегі үш шенеунікке сілтеме жасап, шенеуніктер АҚШ азаматтары мен НАТО-мен серіктес болған ауған азаматтарының жеке деректерін тәліптерге жіберуге, оларға қала әуежайының сыртқы периметрі арқылы өтуге рұқсат бергендерін айтты.

Ақпарат берушілердің айтуынша, бұл қадам тәліптер елді бақылауға алғаннан кейін Кабулдағы қарбалас аясында Ауғанстаннан ондаған мың адамды эвакуациялауды жеделдету үшін жасалған.

Кабул құлағаннан кейін АҚШ 100 мыңға жуық адамды эвакуациялады, олардың көпшілігі тәліптердің өткізу пункттерінен өтуі керек еді. Алайда қақтығыс кезінде АҚШ-пен және басқа да коалиция күштерімен ынтымақтастық үшін "Талибанға" тізім беру туралы шешім заң шығарушылар мен әскери қызметкерлерді ашуландырған.

"Олар шын мәнінде барлық ауған халқын өлтірілгендер тізіміне енгізді", - деді атын жасыруды сұраған Қорғаныс министрлігінің бір қызметкері.

Бейсенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде БАҚ-тың қойған сұрақтарына жауап берген президент Джо Байден, мұндай тізімнің бар екеніне сенімді емес екенін, бірақ кейде АҚШ-тың тәліптерге белгілі бір тізім бергенін жоққа шығармады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro