23 тамыз 2021 | 15:48

АҚШ Ауғанстаннан шығарылған әскерін Қырғызстанға орналастыруды сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ әскери күштерін Ауғанстаннан Қырғызстанға ауыстыру мәселесі бойынша Бішкекке жүгінді, бірақ әзірге мұндай форматтағы ынтымақтастық туралы мәселе жоқ. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Қырғызстан СІМ басшысы Руслан Қазақбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ әскери күштерін Ауғанстаннан Қырғызстанға ауыстыру мәселесі бойынша Бішкекке жүгінді, бірақ әзірге мұндай форматтағы ынтымақтастық туралы мәселе жоқ. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Қырғызстан СІМ басшысы Руслан Қазақбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қырғызстан терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша Вашингтонмен ынтымақтастықта айтарлықтай мол тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ол Қырғызстан халықаралық коалиция күштерін "Манас" әуежайының әуебазасында, транзиттік тасымалдау орталығында қабылдағанын еске салды.

"Әрине, әртүрлі өтініш, әртүрлі деңгейдегі консультация болды. Бірақ Ауғанстанда жағдай күн сайын өзгеріп жатыр және қазіргі уақытта мұндай форматтағы ынтымақтастық мәселесі әлі көтерілген жоқ", - деп жауап берді Қырғызстан СІМ басшысы АҚШ әскерін орналастыруды ұсынды ма деген сұраққа.

Мамырда Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан шығарып жатқан әскерін Орталық Азия елдеріне орналастыруы мүмкін деп хабарлады. Бірақ әлі келісімге келмеген. Басылым АҚШ-қа әскери қызметкерлерді ғана емес, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды, бомбалаушылар мен артиллерияны орналастыруға арналған базаларға мұқтаж екенін жазды. Кейбір әскери шенеуніктер мен АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, Ауғанстанмен шекаралас Өзбекстан мен Тәжікстанға әскер енгізген дұрыс.

Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілі Сухейл Шахин 31 тамыз - АҚШ әскерін елден шығару бойынша соңғы күн екенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 483.21   534.87   5.11 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети