АҚШ барлау қызметі саударабиялық журналист Хашукджидің өліміне қатысты баяндама жасайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ барлау қызметі саударабиялық журналист Хашукджидің өліміне қатысты баяндама жасайды

АҚШ келесі аптада Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Джамал Хашукджидің өліміне қатысты баяндама жариялайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ келесі аптада Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Джамал Хашукджидің өліміне қатысты баяндама жариялайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Washington Post ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, есепті АҚШ Ұлттық барлау директорының кеңсесі жариялайтынын жазды. Баяндамада құпия ақпарат жоқ. Басылым мәліметінше, құжатта Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман журналистің өліміне "тапсырыс берген" деген қорытындыға келген.

Конгресс 2019 жылдың басында әкімшілікке есепті жариялауды міндеттеді, бірақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бұл талапты елемеді. Газет алдағы жарияланымды Джо Байденнің сайлау алдындағы транспаренттілік уәделерімен байланыстырады. Сонымен қатар, жаңа президентке құқық қорғаушылардың талаптары қауіп төндіруі мүмкін екенін жазады.

Басылым мәліметінше, баяндаманың жариялануы Америка-Сауд Арабия қатынастарының одан әрі нашарлауына әкеп соғады.

Джамал Хашукджи 2018 жылдың қазанында Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығында өлтірілді. Алдымен Сауд Арабиясы билігі оның дипломатиялық миссияда жоғалып кетуін жоққа шығарды, бірақ видеолар мен аудиожазбалар пайда болғаннан кейін Хашукжи "консулдық қызметкерлермен жанжалдың салдарынан" өлтірілгенін мойындауға мәжбүр болды. Түрік полициясы оның денесін әлі таба алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети