29 мамыр 2021 | 10:38

АҚШ Беларуське қандай санкция салатынын жариялады

Фото: Pixabay.com

АҚШ Еуропалық Одақпен және басқа да серіктестерімен бірлесе отырып Беларусь билігінің негізгі өкілдеріне қарсы санкциялар әзірлеп жатыр және осы республиканың тоғыз мемлекеттік кәсіпорнына қарсы бұрын алып тасталған санкцияларды қайтаруға ниетті. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псакидің баспасөз хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Еуропалық Одақпен және басқа да серіктестерімен бірлесе отырып Беларусь билігінің негізгі өкілдеріне қарсы санкциялар әзірлеп жатыр және осы республиканың тоғыз мемлекеттік кәсіпорнына қарсы бұрын алып тасталған санкцияларды қайтаруға ниетті. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псакидің баспасөз хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президентінің әкімшілігі санкцияларға "адам құқықтарының бұзылуы мен сыбайлас жемқорлық, 2020 жылғы сайлаудың бұрмалануы және 23 мамырдағы оқиғалар (Ryanair ұшағына байланысты. - автор)" себеп болғанын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік кәсіпорындарына қатысты санкциялар 3 маусымда қайта енгізіледі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, АҚШ Беларусьпен әуе кеңістігін өзара пайдалану туралы келісімді тоқтатты, бұл америкалық және беларусьтік әуекомпанияларға екі елге ұшуға және қонуға мүмкіндік беретін еді.

Еске салайық, Минск пен Батыстың қарым-қатынасы қазір шиеленісіп тұр. 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба туралы ақпарат расталмады. 

Лукашенко Nexta экс-редакторы мінген ұшақты қондыру туралы бұйрықты өзі берген

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. 

Лукашенко Протасевич отырған ұшақты қондыруға қатысты мәлімдеме жасады

Онымен бірге Ресей азаматы София Сапега да ұсталды. Ресей СІМ мәліметінше, Протасевичтің жары 2020 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Беларусь Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Ол екі айға қамауға алынды.

Бірқатар батыс елі мен Еуропалық Одақ Минскіге қарсы жаңа санкциялар қабылдауға шақырды. Еуропа елдері Минск бортты өз әуежайына жалған сылтаумен қонуға мәжбүр етті және Беларусь авиакомпанияларына өз территориясының үстінен ұшуға тыйым салды деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная