26 мамыр 2021 14:27

Лукашенко Протасевич отырған ұшақты қондыруға қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ryanair ұшағында бомба бар деген хабарлама "Швейцариядан келген". Бұл туралы Александр Лукашенко мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пул первого" Telegram-арнасына сілтеме жасап. 


Ryanair ұшағында бомба бар деген хабарлама "Швейцариядан келген". Бұл туралы Александр Лукашенко мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пул первого" Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Лукашенко оппозиционер Роман Протасевич отырған Ryanair ұшағын қондыру туралы мәлімдемесін Парламент және Конституциялық комиссияның мүшелерімен, Беларусьтің мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен кездесуде айтты.

"Ұшақ миналанғаны хабарлама Швейцариядан келді. Ұшақ БелАЭС маңына тоқтады. АЭС қауіпсіздік жүйелері толық жауынгерлік әзірлік режиміне ауыстырылса не болар еді? Беларусь егемен мемлекеттерге сай әрекет етті", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, арнайы қызметтер мұны жасауға мәжбүр болды.

"Біздің нысанда мина қаупі барда қалай әрекет етуіміз керек еді? Сіздер Беларусьте тұрғандықтан күнделікті мектептер, университеттер мен кәсіпорындарға "мина қойылатынын" білесіздер. Иә, IP-мекенжайы Польша, Литва және Латвиядағы ұшақтар да. Әр жағдайда біз алынған ақпаратқа дұрыс әрекет еттік", - деп жызылды Лукашенконың сөзі Telegram-арнада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети