АҚШ бесінші мұхит бар екенін ресми түрде мойындады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ бесінші мұхит бар екенін ресми түрде мойындады © pixabay.com

АҚШ географтары бесінші мұхит бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ географтары бесінші мұхит бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Дүниежүзілік мұхиттар күнінде National Geographic картографтары мен АҚШ ұлттық географиялық қоғамы Оңтүстік деп аталатын жердегі бесінші мұхиттың бар екенін мойындады. 2021 жылдың 8 маусымынан бастап ұйымдар оны карталарда белгілей бастайды.

Ғалымдар Оңтүстік мұхит терминін Антарктиканы қоршап тұрған теңіздерді көрсету үшін бұрыннан қолданып келсе де, бесінші мұхиттың шекараларын белгілейтін халықаралық келісім әлі жоқ. Сарапшылар оны Антарктикаға, әлде, Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарының оңтүстік аймақтарына жатқызу дұрыс па деген сұрақты зерттеген.

"Оңтүстік мұхитты ғалымдар бұрыннан біледі. Бірақ халықаралық келісім болмағандықтан, біз оны ешқашан ресми түрде мойындамадық", - дейді Ұлттық Географиялық қоғамның географы Алекс Тейт.

Енді Оңтүстік мұхит термині Антарктиканы қоршап тұрған және Атлант мұхитының оңтүстігіне жататын, Дрейк бұғазы мен Скоша теңізін қоспағанда, Оңтүстік ендіктен 60 градусқа дейін созылатын суларға қатысты айтылады. Басқа төрт мұхиттан айырмашылығы - Оңтүстік мұхиттың шекаралары материкпен емес, антарктикалық циркумполярлы ағыспен және батыстан шығысқа қарай Антарктида айналасынан өтетін Батыс желдерінің ағымымен анықталады. Ағынды су Оңтүстік ендіктен 60 градус солтүстікте орналасқан суларға қарағанда суық әрі тұздылығы аздау болады.

Бұған дейін Сауд Арабиясының ғалымдары мұхиттарды қалпына келтіру, атап айтқанда оны тазарту 2050 жылға дейін мүмкін екенін анықтаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети