28 қаңтар 2021 11:45

АҚШ билігі Навальныйдың қамалуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ билігі ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың қамалуына қатысты пікір білдірді. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Навальныйдың қамалуына "қатты алаңдап отырғанын" және шаралар қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұл туралы Энтони Блинкен сәрсеніде өткен баспасөз конференциясында айтты. 

"Біз Навальныйдың қауіпсіздігін алаңдап отырмыз және оның жанайқайы - көптеген ресейліктің жанайқайы және оған құлақ асу керек", - деді ол. 

Журналистер мемхатшыдан Навальныйдың қауіпсіздігіне байланысты "қызыл аймақ" нені білдіретінін сұрады.  

Блинкен әкімшілік позициясын түсіндіріп, Вашингон Ресейге қатысты барлық мәселені қарастыратынын, бірақ әкімшіліктің алдағы әрекеті туралы "болашаққа болжам жасаудан қашты". 

"Біз ешқандай шараны жоққа шығармаймыз, бірақ біз талдауды аяқтағаннан кейін ғана шешім қабылдаймыз", - деді мемхатшы. 

Еске салайық, Навальный 17 қаңтарда Шереметьево әуежайында ұсталған болатын. Химкинский қалалық соты оны 30 тәулікке қамауға алды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети