23 қыркүйек 2021 12:38

АҚШ бүкіл әлем үшін вакцина арсеналына айналады - Байден

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ басқа елдерге жіберу үшін тағы 500 миллион доза COVID-19-ға қарсы вакцина сатып алуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


АҚШ басқа елдерге жіберу үшін тағы 500 миллион доза COVID-19-ға қарсы вакцина сатып алуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байден Ұлыбритания, Канада, Индонезия және Оңтүстік Африка елдері басшысы, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус қатысқан саммитте сөйлеген сөзінде Вашингтон Pfizer мен BioNTech компанияларынан тағы 500 миллион доза вакцина сатып алатынын мәлімдеді.

"Осы жерде пандемияны жеңу үшін, оны бүкіл жерде жеңуіміз керек. Мен сөз бердім және АҚШ бүкіл әлем үшін вакцина арсеналына айналады деген уәдемді сақтаймын", - деді Байден.

Ол вакциналар 2022 жылдың 22 қыркүйегіне дейін жеткізілетінін айтты. Осылайша, Вашингтон көмек ретінде  берген вакцина дозаларының саны 1,1 миллиардқа жетеді. Оның 160 миллионы басқа елдерге жіберілген.

Pfizer мен BioNTech вакциналары АҚШ-та шығарылады және табысы төмен және орташа 92 кедей елге, сондай-ақ Африка одағының 55 еліне жіберілетіні көрсетілген. Дереккөздер АҚШ үкіметі бір доза үшін шамамен 7 доллар төлейтінін айтты.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден АҚШ мұқтаж елдерге коронавирусқа қарсы вакцина беретінін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети