Боулдер қаласында (Колорадо) атыс кезінде он адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында күш құрылымдарының бір адамы бар. Күдікті кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ақ үй өкілі Джен Псаки АҚШ президенті Джо Байден оқиғадан хабардар екенін айтты.
Колорадо штатының Боулдер қаласындағы супермаркетте оқ атқан күдікті анықталды, ол жақында түрмеге ауыстырылады, деп хабарлады жергілікті полиция басшысы Марис Герольд баспасөз мәслихатында.
Reuters
Ол полиция қылмыс орнына келгеннен кейін атыс басталғанын, күдікті жарақат алғанын айтты.
"Ол емдеу үшін ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайы тұрақты. Күдіктінің жеке басы анықталды: Ахмад Алисса, 21 жаста, Арвададан. Ол бірінші дәрежелі 10 кісі өлтіру қылмысын жасады деп айыпталып отыр. Ол жақын арада Боулдер округінің түрмесіне жеткізіледі", - деді Герольд.
Ахмад Алисса. Сурет: Reuters
Ол мұқият тергеу жүргізіліп, әділ сот төрелігі болатынына сендірді.
Зардап шеккендердің жасы 20-дан 65 жасқа дейін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!