АҚШ елге кіру ережелерін жаңартты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ елге кіру ережелерін жаңартты ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден елге келетін шетел азаматтары үшін вакцинаға жаңа талаптар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден елге келетін шетел азаматтары үшін вакцинаға жаңа талаптар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық әуе сапарларының жаңа саясатын жүзеге асыру туралы мәліметке сай, АҚШ-қа COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алған шетел азаматтары ғана кіре алады. Иммиграциялық емес визалары бар, АҚШ-қа баратын шетелдіктер ұшаққа отырар алдында екпе алғаны туралы куәлігін көрсету керек.

"Пандемия кезінде кей елдерге қойылған шектеулерден бас тарту және әуе тасымалын қауіпсіз жүзеге асыруға ықпал ету үшін бірінші кезекте вакцинацияға негізделген әуе саясатын қабылдау керек", - делінген Байден мәлімдемесінде.

Басылым АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) мақұлдаған немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл пайдалануға рұқсат еткен екпелерін алған саяхатшыларды қабылдайтынын хабарлады. 18 жасқа толмаған балаларға екпе салу бойынша жаңа талаптар енгізілмейді. Жаңа шектеулер 8 қарашада күшіне енеді.

Жаңа ережелерді жариялап, Байден Қытай, Үндістан, Оңтүстік Африка, Бразилия және Еуропаның көптеген елдерінен саяхатшылардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын, 2020 жылдың басында енгізілген шектеулерді алып тастау туралы Жарлыққа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети