12 маусым 2022 15:18

АҚШ елге кіру үшін ПТР-тестін тапсыру талабын алып тастады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

АҚШ авиажолаушылар үшін COVID-19 тестінің теріс нәтижесін немесе жазылып шыққаны туралы құжаттарды талап етпейді. Бірақ билік коронавирус жағдайы нашарласа, шешімді қайта қарауы мүмкін, - деп хабарлайды CDC


АҚШ авиажолаушылар үшін COVID-19 тестінің теріс нәтижесін немесе жазылып шыққаны туралы құжаттарды талап етпейді. Бірақ билік коронавирус жағдайы нашарласа, шешімді қайта қарауы мүмкін, - деп хабарлайды CDC

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) 12 маусымнан бастап авиажолаушыларға АҚШ-қа рейс алдында COVID-19 тестінің теріс нәтижесін немесе COVID-19-дан жазылып шыққаны туралы құжаттарды талап етуді тоқтатты.

"COVID-19 пандемиясы COVID-19 вакциналарын кеңінен енгізу, терапияның қолжетімділігі және Америка Құрама Штаттарында вакциналар мен аурулардың жоғары иммунитетіне қол жеткізу арқылы жаңа кезеңге өтті. Мұның бәрі АҚШ-тағы ауру мен өлімнің асқыну қаупін азайтуға ықпал етті", - делінген орталық хабарламасында.

Сонымен қатар, CDC әлі күнге дейін АҚШ-қа келетін саяхатшыларға ұшатын күн жақындағанда (үш күннен аспайтын) инфекцияның қазіргі нұсқасын тексеруге және ауырса, саяхаттамауға кеңес береді.

"CDC соңғы ғылыми деректер мен пандемия жағдайын зерттеуді жалғастырып жатыр. Жағдай өзгерсе, талапты қайта қарастырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ұлыбритания мен Канада наурызда сапарға арналған СOVID-19 сынақтарына қойылатын талаптарды алып тастаған еді. Ал Түркия 1 маусымнан бастап әуе жолаушыларынан ПТР-сынақтарын талап етуді тоқтатты. Қазақстан бұл талапты 8 маусымнан бастап тоқтатты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети