АҚШ ғалымдары жойқын апат туралы ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ ғалымдары жойқын апат туралы ескерту жасады © elements.envato.com

АҚШ-тың батыс аймағында ұзақ уақыттан бері құрғақшылық болып жатыр. Бұл бүкіл өңірдегі су ресурсына кері әсер етіп жатыр. Сарапшылардың сөзінше, егер алдағы 10-20 жылда құрғақшылықтың алдын алмаса, бүкіл ел үшін салдары қиын болуы мүмкін. Бұл туралы Newsweek журналында жарияланған мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдардың сөзінше, АҚШ-тың құрлық бөлігінің 65 пайызы белгілі бір деңгейде құрғақшылық жағдайында.

"Зардап шеккен штаттардың ішінде Юта, Орегон, Небраска, Канзас және Оклахома бар. Оның әрқайсында құрғақшылық жайлап тұрған аудандар бар", - делінген мақалада.

Ғалым Рик Рилидің сөзінше, мұндай жағдай кейінгі 1200 жылда болмаған.

Экологиялық және энергетикалық менеджмент институты жетекшілерінің бірі Джонатан Дисон тағы бір-екі онжылдық құрғақшылық сулы горизонттарды едәуір сарқып, жерасты суларының ресурстарын жоғалтып қана қоймай, жердің шөгуіне әкеліп соқтыратынын, бұл қоғамдық инфрақұрылымға жалпы зиян келтіретінін ескертті.

Сарапшылар АҚШ-та ерекше құрғақшылық кезеңі 2030 жылға дейін созылуы мүмкін деп болжайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети