27 тамыз 2021 | 12:40

АҚШ генералы Кабул әуежайындағы жарылыстың жай-жапсарын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ Орталық қолбасшылығының бастығы генерал Фрэнк Маккензи брифинг өткізіп, Кабул халықаралық әуежайында болған жарылыстың жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Орталық қолбасшылығының бастығы генерал Фрэнк Маккензи брифинг өткізіп, Кабул халықаралық әуежайында болған жарылыстың жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Генералдың айтуынша, екі жанкешті әуежай қақпасы маңындағы тұрғындар және әскери топқа шабуыл жасаған, кейін басқа содырлар оқ жаудырған.

АҚШ жарылыстың артында кім тұрғанын тексеріп, "кінәлілерді жазалауға" ниетті. "Талибан" қозғалысына қарсы ДАИШ тобы (Қазақстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған) жауапкершілікті өз мойнына алды.

Маккензи ауған шенеуніктері мәліметіне сүйене отырып, жарылыстан 60-тан аса адам қаза тапқанын, 140 адам жараланғанын айтты.

Генерал америкалық әскер әуежайды одан әрі бақылау үшін тәліптермен тығыз байланыста екенін, себебі алда тағы жарылыс болуы мүмкін деген болжам барын айтты.

"Біз бәріне дайын болу үшін, бар күшімізді салып жатырмыз", - деп, ол тәліптер қақпа сыртындағы қауіпсіздікті бақылап тұрғанын, осыған дейін бірнеше шабуылдардың алдын алғанын айтты.

Барлаушылар автокөлікте өзін жарып жіберетіндер мен ракеталық шабуылдар болуы мүмкін екенін айтқан. Содырлардың ұшып бара жатқан ұшақтарға оқ атқаны туралы деректер де бар, бірақ әлі ешқандай қауіп жоқ. АҚШ әскері оларда портативті зениттік-зымыран кешендері жоқ екеніне сенімді.

Пентагон әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша әскер қажет емес, бақылауда тұрған мыңдаған жауынгер жеткілікті деп санайды. Оларға айналадағы жағдайды бақылау үшін дрондар мен басқа әуе жүйелері көмектеседі.

Генералдың айтуынша, қазір Ауғанстанда эвакуацияға мұқтаж 1000-ға жуық америкалық бар. Әуежайдың өзінде 5 мың адам ұшуды күтіп отыр. Бүгінде елден 104 мың бейбіт тұрғын шығарылды, оның ішінде 66 мыңы америкалық күштің, 37 мыңы НАТО одақтастарының көмегімен.

АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі шабуылда жараланған 18 сарбаз "хирургиялық бөлімшелері бар арнайы жабдықталған С-17 ұшақтарымен Ауғанстаннан шығарылатынын" айтты.

"Талибан" өкілі жарылыс салдарынан өздерінен кемінде 28 қарулы топ мүшесі қаза болғанын хабарлады. "Әуежайдағы жарылыстан америкалықтарға қарағанда біз көп адам жоғалттық", - деді ол және "шетелдік үкімет дайындаған бейберекет эвакуация жоспары үшін тәліптер жауап бермейді" деді.

Генерал АҚШ қауіп-қатерге қарамастан эвакуацияны жалғастыратынын баса айтты.

Байден Кабул әуежайындағы жарылыстан АҚШ-тың 12 әскері қаза тапқаннан кейін мәлімдеме жасады. Wall Street Journal басылымы Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары лауазымды тұлғасына сілтеме жасап, Кабул әуежайындағы жарылыстардан зардап шеккендердің жалпы саны, оның ішінде АҚШ әскери күштерінің өлімі 100-ден асқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети