Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ гипердыбыстық зымыран сынақтан сәтті өткенін жариялады 17 мамыр 2022, 07:56

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Advanced Research Projects Agency (DARPA) мен елдің Әскери-әуе күштері HAWC (Hypersonic Air- Breathing Weapon Concept)
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

darpa.mil darpa.mil

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Advanced Research Projects Agency (DARPA) мен елдің Әскери-әуе күштері HAWC (Hypersonic Air- Breathing Weapon Concept) гиперсоникалық қанатты зымыранын сынақтан өткізді, - деп хабарлайды DW сайты.

5 сәуірде жарияланған DARPA есебінде ұшу сынақтарының нақты күні көрсетілмеген, тек олардың жақында өткені айтылған.

Бұл ретте CNN Пентагон мәліметіне сілтеме жасап, сынақтар наурыз айының ортасында өткенін хабарлайды.

DARPA мәліметі бойынша, зымыранның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан бес есе жоғары және "ұзақ уақыт бойы" сақталған. Құрылғы 65 000 футтан (шамамен 20 шақырым) астам биікке көтеріліп, 300 теңіз милінен (шамамен 482 шақырым) ұшып өткен.

АҚШ-тың HAWC гипердыбыстық зымыраны алғаш рет 2021 жылдың қыркүйегінде ұшырылды. Бұған дейін гипердыбыстық қарудың басқа түрлері де сынақтан өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram