АҚШ гипердыбыстық зымыран сынақтан сәтті өткенін жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
darpa.mil

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Advanced Research Projects Agency (DARPA) мен елдің Әскери-әуе күштері HAWC (Hypersonic Air- Breathing Weapon Concept) гиперсоникалық қанатты зымыранын сынақтан өткізді, - деп хабарлайды DW сайты.

5 сәуірде жарияланған DARPA есебінде ұшу сынақтарының нақты күні көрсетілмеген, тек олардың жақында өткені айтылған.

Бұл ретте CNN Пентагон мәліметіне сілтеме жасап, сынақтар наурыз айының ортасында өткенін хабарлайды.

Реклама
Реклама

DARPA мәліметі бойынша, зымыранның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан бес есе жоғары және "ұзақ уақыт бойы" сақталған. Құрылғы 65 000 футтан (шамамен 20 шақырым) астам биікке көтеріліп, 300 теңіз милінен (шамамен 482 шақырым) ұшып өткен.

АҚШ-тың HAWC гипердыбыстық зымыраны алғаш рет 2021 жылдың қыркүйегінде ұшырылды. Бұған дейін гипердыбыстық қарудың басқа түрлері де сынақтан өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама