03 қыркүйек 2014 | 11:51

АҚШ Ирактағы "Ислам мемлекеті" содырларына тағы соққы берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" содырлары. © Reuters "Ислам мемлекеті" содырлары. © Reuters

АҚШ Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Иракта "Ислам мемлекеті" содырлары орналасқан аймақтарға жаңа соққы жасады, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ Қарулы күштері біріккен қолбасшылығының сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Иракта "Ислам мемлекеті" содырлары орналасқан аймақтарға жаңа соққы жасады, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ Қарулы күштері біріккен қолбасшылығының сайтына сілтеме жасап.

Таратылған мәліметтер бойынша, Әуе қорғанысы күштері елдің солтүстігіндегі Найнава провинциясындағы Мосул қаласы маңында орналасқан Ирактың ең үлкен бөгетіне әуеден соққы берген. Соның нәтижесінде "Ислам мемлекеті" содырларының 16 әскери көлігі жойылды.

Айта кетейік, жалпы АҚШ ҚК ұшақтары Ирак аймағында әуеден барлығы 124 рет соққы жасаған. Қазіргі таңда америкалық әскерлер Ирактағы "ИМ" содырларына қарсы операция жүргізіп жатыр. "Әл Каидамен" байланысы бар "Ислам мемлекеті" радикал сүнниттер тобының содырлары Сирияда әскери әрекеттері арқылы көп күш жиып алды, ол жерде "ИМ" содырлары үкіметтік күштерге қарсы соғысып, ең қатігез лаңкестік топ деген мәртебеге ие болды.

Бірнеше ай бұрын "Ислам мемлекеті" тобы Иракта өз қызметін қайта жандандыра бастады. Ирак сүнниттерінің Бағдад саясатына наразылығын пайдаланған лаңкестік құрылым елдің солтүстік және солтүстік-батыс провинцияларына шабуылды бастап, кең аумақты басып алды да, оны "Ислам халифаты" деп жариялады.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети