АҚШ Израиль жағалауына екі мың теңіз жаяу әскерін жіберді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Израиль жағалауына екі мың теңіз жаяу әскерін жіберді © cnn.com

АҚШ Израиль жағалауларына екі мың теңіз жаяу әскерінен құралған жедел әрекет ету тобын жіберіп жатыр. Бұл туралы CNN телеарнасына Америка қорғаныс министрлігінің өкілі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Израиль жағалауларына екі мың теңіз жаяу әскерінен құралған жедел әрекет ету тобын жіберіп жатыр. Бұл туралы CNN телеарнасына Америка қорғаныс министрлігінің өкілі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметінше, Пентагон АҚШ әскери күштерін Таяу Шығыста Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың күшеюіне жол бермеу және Иран мен Ливанның "Хезболла" тобына тосқауыл қою туралы сигнал жіберу үшін әлеуетті орналастыруға дайындайды.

"Теңіз жаяу әскерлері Израильге жақын жерде жиналып жатқан әскери-теңіз күштеріне қосылады", - делінген материалда.

Бұған дейін АҚШ "Дуайт Эйзенхауэр" және "Джеральд Р.Форд" авиатасымалдаушыларын Жерорта теңізіне Израиль жағалауына жіберген болатын. The New York Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап, Америка билігі бұдан да ауқымды аймақтық қақтығыстың алдын алу үшін Таяу Шығыстағы атыс күшін екі есе арттырып жатқанын жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети