АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізді

АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония Солтүстік Кореяның қару-жарақ бағдарламасына қатысы бар шенеуніктеріне санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ Қаржы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде санкцияға ілінген адамдар қатарында Джон Иль Хо, Ю Джин және Ким Су Гиль бар. Бұларға сәуірде Еуропалық Одақ санкциялар салған болатын. Олар Солтүстік Кореяның әскери өнеркәсіп департаментінің вице-директоры және директоры болып жұмыс істейді.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі басқа жеті адамға, соның ішінде Сингапур мен Тайваньға, сондай-ақ сегіз ұйымға санкциялар жариялады.

Жапонияның Сыртқы істер министрлігі үш ұйымға және бірнеше жеке тұлғаға, соның ішінде кибершабуылдарға күдікті Лазарус тобына жаңа санкциялар салғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.76  course up  589.73  course up  6.49  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети