АҚШ, Канада және Ресейде орман өртеніп жатыр

viewings icon 1175 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Британиялық Колумбиядағы орман өрті. Канада. Сурет: REUTERS Британиялық Колумбиядағы орман өрті. Канада. Сурет: REUTERS

Канаданың Британиялық Колумбия провинциясының билігі 21 шілдеден бастап төтенше жағдай режимін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Канаданың Британиялық Колумбия провинциясының билігі 21 шілдеден бастап төтенше жағдай режимін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Британиялық Колумбия үкіметі орман өрттерін сөндіру шараларын қолдау үшін провинцияда төтенше жағдай жариялады", - делінген провинция әкімшілігінің сайтында.

Логан көлінің маңындағы орман өртінен түтін, Британиялық Колумбия, Канада. Сурет: REUTERS

ТЖ режимі 14 күнге жарияланды, қажет болған жағдайда ол ұзартылуы да мүмкін.

Осойос маңында өртенген орман түтіні, Британиялық Колумбия, Канада. Сурет: REUTERS

Биліктің мәліметінше, 20 шілдеге қарай провинцияда 299 орман өрті тіркелген. 6 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 32 мыңнан аса адам эвакуация жасауға ескерту алды. Провинцияның барлық ауданында өртті сөндіруге 3 мыңнан аса өртсөндіруші қатысып жатыр.

Осойос маңындағы өрт, Британиялық Колумбия, Канада. Сурет: REUTERS

Бұған дейін Канаданың Манитоба провинциясындағы орман өртіне байланысты 1,6 мыңнан аса адам эвакуацияланған болатын.

Ал АҚШ-тың батыс бөлігінде жарты миллион гектар орман өртенді. Бұл Ұлттық ведомствоаралық өрт орталығының (NIFC) мәліметі.

АҚШ-тың Орегон штатындағы өрттің салдары. Сурет: REUTERS

Мамандардың айтуынша, қазір 13 штатта 83 ірі орман өрті өршіп тұр, өрттің көп бөлігі Монтана, Айдахо және Орегонда тіркелген. Жалпы, өрт 523,5 мың гектардан аса жерді шарпыды.

АҚШ-тың батысындағы өрттерден шыққан түтін шығыс жағалауға жетіп, Нью-Йоркті тұмшалады. Осыған байланысты сейсенбіде Нью-Йорк билігі ауа сапасының нашарлағанын хабарлап, ескерту жасады.


Нью-Йорк. Фото: REUTERS

Физикалық еңбекпен айналысатындарға, далада жұмыс істейтіндерге, сондай-ақ тыныс алу аурулары бар адамдарға көшеге көп шықпауға кеңес берілді. Билік өкілдерінің айтуынша, ауа сапасының нашарлауы көздің тітіркенуіне, жөтелге және кеудедегі ауырсынуға әкелуі мүмкін.


Нью-Йорктегі Бостандық мүсіні. Сурет: REUTERS

Түтінді Канаданың Торонто тұрғындары да байқады.


Торонто, Канада. Фото: REUTERS

Ресейде Карелияның бүкіл аумағында орман өрттерінің салдарынан 20-31 шілде аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Карелияның Пряжин ауданындағы Сямозер маңында жанып жатқан ормандардың түтіні. Фото: РИА Новости

21 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада 7 280 гектар алқапта 33 орман өртенген, оның 15-і 1 032 гектар алқап оқшауланды.

Карелиядағы өртті сөндіруге 700-ден аса адам тартылған, 150 дана техника жұмылды. Күн сайын төрт ұшақ ормандарды патрульдейді. 

Ресейдің Иркутск облысында 36 мың гектардан аса жерде орман өртеніп жатыр.

Якутия аумағында өрттің 208 ошағы бар, олар 1 миллион 519 мың гектар жерді алып жатыр. 

Өңірдің 100-ден аса тұрғыны түтіннен медициналық көмекке жүгінген. Түтін басқан аймақта 107 елді мекен және Якутск қаласы орналасқан.

18 шілдеде Якутияда орман өрттерін сөндіріп жүрген Бе-200ТЖ ұшағы. РИА Новости

Ормандар өртеніп жатқан Якутияның үш аймағында жасанды жаңбыр жауды. Бұл туралы республиканың жедел штабы Telegram-да хабарлады.

Желдеткіш қондырғысы бар "Циклон" атты Ан-26 зонд-ұшағы иодид күмісі бар пиропатрондарды бұлтқа жіберу үшін жұмылдырылғаны айтылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
23°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю