04 сәуір 2014 08:57

АҚШ Қара теңізге тағы бір эсминец кемесін жөнелтпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эсминец Donald Cook.  Сурет navy.mil ақпарат көзінен алынған Эсминец Donald Cook. Сурет navy.mil ақпарат көзінен алынған

"Америка Құрама Штаты Қара теңізге тағы бір зымыранды эсминец әскери кемесін жөнелтпек. Бұл туралы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің жоғарғы шенді қызметкері, сондай-ақ Пентагон өкілі полковник Стив Уоррен NBC News телеарнасына мәлімдеген" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Олардың сөзіне қарағанда, зымыранды эсминец USS Donald Cook жақын күндері испандық Рота портынан шығып, тұспал бойынша, келесі аптада Қара теңізге келеді. Американдық кеме сол жерде НАТО елдерінің Әскери-теңіз флоты кемелерімен бірлескен оқу-жаттығу шарасына қатысады деп күтілуде. Қара теңізге қанша эсминец келетіні қазірге белгісіз.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің жоғарғы командованиесі "эсминцтің Қара теңізге келуі Украинаға символикалық демеу көрсету және сол аймақтағы НАТО одақтастарын қолдау болып табылады" деп мәлімдеп отыр.

Бұған дейін АҚШ Қара теңізге атомдық зымыранмен жабдықталған эсминец USS Truxton кемесін жөнелткен болатын. Аталмыш әскери кеме румындық аумақтық суда Румыния және Болгария Әскери-теңіз күштерімен бірлескен оқу-жаттығуға қатысып, 21 наурызда ол аймақтан шығып кеткен еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети