ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қаңтар 2019 | 11:01
АҚШ Қарулы күштері бомба тастаймыз деп әзілдегені үшін кешірім сұрады
АҚШ қарулы күштерінің стратегиялық қолбасшылығы әлеуметтік желілерде Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы дәстүрлі шардан да үлкен "әлденені" құлататуға уәде беріп, әзілдегені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жаңа жыл қарсаңында Таймс-сквер алаңында дәстүрлі түрде мерекелік шар түсіріледі. Әскерилер Twitter желісінде хабарлама қалдырып, онда "қажет болса, одан да үлкен әлденені құлатуға" уәде берген. Хабарламаға бомба тастап жатқан В-2 бомбалаушы ұшақтары түсірілген видео қосарланған.
Бұл әзілге әлеуметтік желі қолданушылары сынмен қарады. Кейін хабарлама микроблогтар сервисінен өшірілді.
"Жарияланған жаңажылдық твит-әзіл талғамсыз әрі біздің құндылықтарға қайшы болды. Кешірім сұраймыз. Америка мен одақтастарымыздың қауіпсіздігі біз үшін маңызды", - деп хабарлады әскерилер жаңа микроблогында.
Показать комментарии
Читайте также